Сессияда инженерлік инфрақұрылым, тарифтік саясат және әлеуметтік сала мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылғы 31 наурызда Бейбіт Жүсіповтың төрағалығымен Ақмола облыстық мәслихатының 27-ші кезекті сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала қаралды.

Сонымен қатар, сессия барысында депутаттар бірқатар басқа да маңызды шешімдерді қарап, қабылдады және өңірдің әлеуметтік және экономикалық саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізді.

Сесиия барысында ауыз су тарифтерін көтеру мәселесі белсенді талқыланды.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаевтың ақпараты бойынша, Ақмола облысында сумен жабдықтау қызметтерін 26 кәсіпорын көрсетеді, оның 10-ы субсидия алады.

Өңірдегі орташа тариф текше метр үшін 322,73 теңгені (ҚҚС-пен) құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден 24,8% – ға жоғары (258,58 теңге). Бұл ретте Қазақстан бойынша орташа тариф – 107,41 теңге.

Қазіргі уақытта 2021 жылы бекітілген тарифтер қолданылады:

– Текше метр үшін 60 теңге (есептеу құралымен);

– Текше метріне 80 теңге (есептеу құралынсыз).

«Көрсетілген төлем мөлшері төрт жыл бойы қайта қаралған жоқ. Қызметтердің өзіндік құны мен су ресурстарының тапшылығы артқан жағдайда ауыз су үшін төлем мөлшерін өзектендіру қажеттілігі туындайды. Шешімді іске асыру халық үшін сумен жабдықтау қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, бюджеттік субсидиялаудың тиімділігін арттыруға және суды ұтымды тұтынуды ынталандыруға бағытталған», – деп түсіндірді Жапаев.

Есептеудің жаңа әдістемесін ескере отырып ауыз суға жаңа тарифтерді бекіту ұсынылады:

– Бір текше метрге 120 теңге – тұтыну нормативі шегінде (бір адамға тәулігіне 140 литр);

– Текше метр үшін 156 теңге – 1,3 коэффициентін қолдана отырып нормативтен асып кеткен жағдайда.

Депутат Айдын Төребаев тарифтердің көтерілуіне қарсы шығып, бағаның өсуі су сапасының жақсаруымен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті. Әріптестер оның ұстанымын қолдап, бұл мәселені Қосшы қаласы бойынша қосымша қарауды ұсынды.

Мәслихат шешіміне Ақмола облысының ауылдық жерлеріне және қалаларына жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың тәртібі мен мөлшеріне қатысты өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, біржолғы төлемдерді ұлғайту ұсынылады:

Көкшетауға жіберілетін мамандар үшін – 2,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін;

ауылдық жерлерге, кенттерге және аудандық маңызы бар қалаларға жіберілетін мамандар үшін – 5-тен 8,5 млн теңгеге дейін.

Бұған дейін депутат Нұрлан Жаров жас мамандарға уақытылы төлемдерді жасау және оны жедел шешу туралы мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Оның бастамасын басқа депутаттар қолдады.

Енді мемлекеттік медициналық ұйымда кемінде бес жыл жұмыс істеу қолдау алудың міндетті шарты болып табылады. Төлемдер уақытша жұмысшыларға, толық емес жұмыс күніндегі қызметкерлерге және бір жылдан астам жұмыс істейтін адамдарға берілмейді (бұрын мұндай қолдауды алмағандарды қоспағанда). Еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қаражат жұмыс істемеген мерзімге барабар қайтарылуға жатады.

Сондай-ақ, сессияда депутаттар мемлекеттік инвестициялық жоба аясында Қосшы қаласында 1500 орындық мектеп салуды қолдады.

Бұдан басқа, әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жаңартылған құрамы келісілді.

Сессия соңында келесі отырыстың мәселелері айтылды. Күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1191678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді