Қала әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның» кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуі және оларға көрсетілген медициналық қызмет туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Сонымен қатар, қылмыстық – атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті кеңейтуге кәсіпкерлерді белсенді тарта отырып, сотталғандардың еңбекпен қамтылуы туралы мәселелер қаралды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1191724?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді