
Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №38 мекемесінде өндірістік қызмет жүйелі түрде ұйымдастырылған. Қазіргі таңда мекемеде барлығы 29 жұмыс объектісі жұмыс істейді, оның ішінде 23-і жеке кәсіпкерлерге, ал 6-уы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге тиесілі.
Аталған өндіріс орындарының бірінде темірден түрлі бұйымдар жасау жолға қойылған. Мұнда қақпалар, есіктер, балалар ойын алаңдары, сондай-ақ тағам дайындауға арналған арнайы аймақтарға қажетті жабдықтар дайындалады.
Бұл жұмыстар сотталғандарды еңбекке тартуға, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және болашақта қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1191816?lang=kk

Жауап қалдыру