
Жоспарлы тексерулер мен мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс жүргізу қозғалмай, осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен, заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне(ЖАО), лауазымды тұлғаға қатысты шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жеке ұсыну шығарылады.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтіледі. Олар бюджет бағдарламалары әкімшілеріне бұзушылықтар себептерін жою жөнінде жеке ұсыныстар жолдай алады, мемлекеттік меншік объектілері бойынша жергілікті атқарушы органдарға міндетті ұсынулар жолдап, балалар мекемелеріндегі жүйелі бұзушылықтардың алдын алу шараларын талап етуге құқылы болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1191853?lang=kk

Жауап қалдыру