Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Косачевтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырға айналған оркестрлер» атты концерті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 31 наурыз күні облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Косачевтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырға айналған оркестрлер» атты концерті өтті. Кештің арнайы қонағы – Алматы қаласынан келген талантты пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әділет Сексенов. Бағдарламаға облыстық филармонияның солисттері: Вячеслав Ткач, Абай Қаиырбек, Арника Байбусынова, Ирина Карпеева, Татьяна Ходько және Елена Косачева қатысты. Сондай-ақ дирижер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсанов және «Big Band» джаз оркестрінің дирижері Александр Адамов өнер көрсетті. Бұл кеш көрермендерге естен кетпес әсер қалдырып, шабыт сыйлап, жанды музыканың ғажайып сиқырын сезінуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1191965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді