Бүгін Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің “Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу” туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Созақ ауданында орналасқан «Drilling Company» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиға орын алған жерге арнайы барып, мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы Серіктестіктің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру