
Ұлытау облысында 3 қала 2 аудан, 667 құрамдас бөлік, 93 әкімшілік-аумақтық бірлік бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 көшеге қайта атау және атау беру жұмыстары жүргізілді.
Нақтырақ айта кетсек 2024-2025 жылдарға арналған жол картасы аясында 8 көше атауы өзгертілді.
|
Ақпарат үшін: Жезқазған қаласындағы 2 көше: 1. Мира даңғылы – Бейбітшілік даңғылы; 2. Либкнехт көшесі – Қамза Жұмабеков көшесі. Жезқазған қаласы, Кеңгір кентіндегі 3 көше: 3. Молодежная көшесі – Жібек жолы көшесі; 4. Мира көшесі – Ұлы дала көшесі; 5. Школьная көшесі – Ыбырай Алтынсарин көшесі. Жезқазған қаласы, Қорғанбай ауылындағы 1 көше: 6. Атауы жоқ көше – Бірлік көшесі. Қаражал қаласы, Шалғы кентіндегі 2 көше: 7. Карл Маркс көшесі – Қазына көшесі; 8. Фрунзе көшесі – Байқоныс көшесі. |
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің бір реттік тапсырмасына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін ұлықтау аясында облыста 8 көше атауы өзгертілді.
|
Ақпарат үшін: Жезқазған қаласы бойынша 3 көше: 1. Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі бірінші көше – Бектай Әбсаттар көшесі болып; 2. Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі бірінші көше – Қалкен Мәкенбаев көшесі болып; 3. Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі екінші көше – Түсіп Секеманов көшесі болып қайта аталды. Сәтбаев қаласы бойынша 5 көше: 4) Шығыс ауданындағы атауы жоқ №1 көше – Камит Жакенов көшесі; 5) Атауы жоқ №2 көше – Егізек Сердалинов көшесі болып; 6) Атауы жоқ №3 көше – Әбиш Исатаев көшесі болып; 7) Атауы жоқ №4 көше – Бирман Сулейменов көшесі болып; 8) Атауы жоқ №5 көше – Қожа Қалиев көшесі деп атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарға Республикалық ономастика комиссиясының (Бұдан әрі- РОК) оң қорытындысы берілді. |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1192389?lang=kk

Жауап қалдыру