Атырауда арнайы қабылдау орнында кітапхана ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Атырау облысы полиция департаменті басшылығының бастамасымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды қайта әлеуметтендіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында арнайы қабылдау орнында шағын кітапхана ашылды.

     Аталған бастаманың негізгі мақсаты – қабылдау орнында ұсталатын азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың рухани-мәдени деңгейін арттыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын көтеру. Кітапхана қоры көркем әдебиеттермен қатар, құқықтық, танымдық және мотивациялық бағыттағы кітаптармен толықтырылды.

     Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, санасын жаңғыртатын маңызды құрал. Осы тұрғыда жаңа ашылған кітапхана азаматтардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, дұрыс бағытта ой түюіне ықпал етеді деп күтілуде.

     Сонымен қатар бұл игі бастама қоғамнан уақытша оқшауланған азаматтарды қайта тәрбиелеуге, оларды заңға құрметпен қарауға баулуға және болашақта құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

     Алдағы уақытта кітап қорын толықтыру, түрлі тақырыптық оқулар ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1192561?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді