Қостанай облысы бойынша ТМРКД «Ұзынкөл Су» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті магистральдық құбырлар мен тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтерге «Ұзынкөл Су» МКК-ның                 тарифтері мен тарифтік сметаларын талқылау бойынша жария тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария тыңдау табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімдерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады.

Оны өткізу тариф белгілеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталған.

Жария тыңдау 2026 жылғы 15 сәуірде сағат 10:00-де Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылы, Водопроводная көшесі, 17 мекенжайы бойынша өтеді.

Жария тыңдауға барлық тілек білдірушілер, қызметті тұтынушылар, мүдделі тұлғалар, сондай-ақ мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады.

Сонымен қатар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде де болады.

 «ZOOM» қосымшасы арқылы жария тыңдауға қосылу нөмірі – Конференция идентификаторы: 871 132 2725, Кіру коды: gQQB4P.

Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.

Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-52, 54-28-76.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-audany-akimat/press/news/details/1192558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді