
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимылға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде радикалды идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді. Жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192782?lang=kk

Жауап қалдыру