
Мүгедектігі бар адамдардың істері жөнінде
үйлестіру кеңесінің отырысы
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары А.А. Нұрғаливаның төрағалығымен мүгедектер істері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды: «Қызылжар ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2025 жылға арналған жоспарын бекіту туралы», «Мүгедектіктің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің 2024 жылы жүргізген жұмысы туралы», «2024 жылға мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік маңызды нысандарды бейімдеу жоспарын орындау туралы және 2025 жылы бейімдеуге жататын нысандардың тізімін қалыптастыру» мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөнінде аудан әкімінің кеңесшісінің 2025 жылға жоспарлаған жұмысы туралы. Төраға көтерілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіре отырып, жұмысты алдағы уақытта барынша күш салып жалғастыру жөнінде тапсырмалар мен ұсыныстар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/973373?lang=kk

Жауап қалдыру