«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Жанама ауылдық округіне арнайы барып, елді мекеннің санитарлық жағдайымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аралау барысында көшелердің тазалығы, қоғамдық орындардың күтімі, көгалдандыру жұмыстары және инфрақұрылымның жай-күйі назарға алынды. Аудан әкімі аумақты абаттандыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтіп, көше бойларын және қоғамдық орындарды тұрақты түрде тазалау, заңсыз қоқыс орындарын жою, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, сенбіліктерді жүйелі түрде ұйымдастыру, әрбір мекеме мен ұйымның бекітілген аумақтарына жауапкершілікті күшейту қажеттігі атап өтілді.

Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1192851?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді