Ереванда Қазақстан мен Армения арасында көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ереван, 2026 жылғы 2 сәуір – Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Армения сыртқы саяси ведомстволары арасында көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өтті.

Консультациялар барысында тараптар халықаралық ұйымдар мен көпжақты форматтар шеңберінде өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты.

БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ екі елдің халықаралық алаңдардағы бастамаларын талқылауға ерекше назар аударылды.

ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры                           Д.Теменов 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы туралы хабардар етіп, армян тарапының жоғары деңгейде қатысатынын растағаны үшін алғысын білдірді. Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстарын ұтымды басқару және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына ерекше мән берді.

Өз кезегінде, АР СІМ Көпжақты саясат және даму саласындағы ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Князян 2026 жылғы                               19-30 қазанда Ереванда жоспарланған БҰҰ Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенциясы тараптарының 17-ші Конференциясына (COP-17) дайындық барысы туралы ақпарат берді.

Тараптар жаһандық экологиялық күн тәртібін талқылау үшін маңызды алаң ретінде ӨЭС пен COP-17 өткізудің өзектілігін атап өтті.

Мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамудағы цифрлық технологиялардың өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып, қазақ тарапы БҰҰ АзТМЭӘК шеңберінде «Орнықты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру» жөніндегі қарар жобасын ілгерілету туралы атап өтті.

Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты одан әрі нығайтуға өзара міндеттемелерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1192940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді