
2025 жылғы 9 сәуірде Өскемен қаласы білім бөлімінің КММ «№7 орта мектеп» базасында «Педагогтің кәсіби іс- әрекетіндегі күйзеліс» тақырыбында психологиялық калейдоскоп өткізілді.
Іс-шара педагог-психологтар арасында стресстің кәсіби қызметке әсері және оны басқару әдістері жайлы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған. Мәселені білу – оны жеңудің алғашқы қадамы. Тәжірибелі педагогикалық психологтар: Жарасова Д.Р.(«Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп»), Сабырбаева А.З. («№46 орта мектеп»), Розенберг О.Г, Махмудова Г.В (№ 30 негізгі орта мектеп), Сереброва В.И. (№32 орта мектеп), Зиновьева С.А, Маслюк С.А (№7 орта мектеп ), Бородина М.В, Смирнова И.А. ( №39 орта мектеп),Сложеникина И.А (№10 мектеп) қала мектептерінің педагогтарымен бірге стрессті басқарудың практикалық әдістерін қарастырып, өзін-өзі реттеу және эмоционалды тұрақтылық дағдыларын дамытуға бағытталған интерактивті жаттығуларды орындады. Іс-шараның соңында әр қатысушы рефлексия барысында, қорытынды жасап және өз әсерлерімен бөлісті. «Педагогтың кәсіби іс- әрекетіндегі күйзеліс» атты психологиялық калейдоскопы тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар кәсіби әл-ауқатты жақсартудың, өзін-өзі одан әрі дамытуға шабыттандыратын практикалық құралдардың көзі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/973445?lang=kk

Жауап қалдыру