
Алматы қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.
9–11 сынып оқушылары қатысқан зияткерлік додаға еліміздің барлық өңірлерінен 309 дарынды оқушы қатысты. Шымкент қаласынан – 12 оқушы аталған жарыста бақ сынады.
Бәсекеге толы білім сайысының қорытындысы бойынша шымкенттік оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтсақ:
І орын – Усентайұлы Иманғали – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 ІТ лицей-интернаты, «География» пәні, 9-сынып;
ІІІ орын – Бабайхан Дәулет – «Білім – инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты, «География» пәні, 10-сынып;
Грамота – Молдабек Мейрамбек – «Білім – инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты, «География» пәні, 9-сынып.
Бұл — талапты жастардың тынымсыз ізденісі мен ұстаздар еңбегінің үйлесімді нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1193148?lang=kk

Жауап қалдыру