
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы жүргізу – тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген оң көзқарасын қалыптастырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізіп, +7(747) 700-07-92 Сенім телефонын іске қосты.
Отырар ауданы әкімдігі тарапынан сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін шағымдану тәртібі туралы халық көп шоғыраланатын орындарда арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, парақшалар таратылды.
Егер мемлекеттік қызмет сізге сапасыз көрсетілсе, қарау мерзімі бұзылса, артық құжаттар талап етсе, бюрократия мен сөзбұйда пайда болса, қызмет нәтижесімен келіспесеңіз төмендегі байланыс құралдары арқылы шағым түсіруге болады.
Атап айтқанда,
Телеграм желісіндегі @Kazkenes_1414bot, @Gov4c_resmi боттары, «facebook.com», «instagramm.com» желісіндегі «Elgeqyzmet.turkistan» ресми парақшалары тұрақты түрде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Түркістан қаласы, Жаңа қала ықшам ауданы, 32 көше, 16 ғимаратта орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жазбаша жүгіне аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/973504?lang=kk

Жауап қалдыру