Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты .

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30.03.2026 жылы Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты .

Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды:
🔹 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру шаралары бойынша- Білім басқармасы, Тұрғын үй басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» КММ баяндама жасады
🔹 Кәмелетке толмағандардың алкоголь, темекі және есірткі өнімдерін қолдануы, сондай-ақ масаң күйде құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша
🔹 Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша- Шымкент қаласының полиция департаменті баяндама жасады

Бұл бағыттағы жұмыстар – өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен жарқын болашағы үшін аса маңызды. Әрбір баланың құқығы қорғалуы тиіс. Ал құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1193353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді