«ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан қаласында «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жоғары деңгейде тойланды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, энергетика саласында еңбек ететін ұжымды мейраммен құттықтады.
📌– Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын! Бүгін өздеріңізбен қасиетті Түркістан төрінде жолығып тұрғаныма қуанышымын. Сіздер маңызды салада елге қызмет көрсетіп келесіздер. Демалыста да, мерекелерде де үздіксіз жұмыс істейсіздер. Облысты дамытуда, тұрғындардың өмір сапасын арттыруда еңбектеріңіз мол. Баршаңызға амандық, бақыт, береке тілеймін. Наурыз құтты болсын! – деді Нұралхан Көшеров.
🔰Мерекелік іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Қол күрес, арқан тарту, асық ойнау, ләңгі тебуден жарыстар өтті. Сонымен қатар киіз үйлер тігіліп, қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Әсем ән мен күй орындалып, өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1193376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді