ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ КІТАП ТАРТУ ЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

31.03.2026

Бүгін ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі А.Абдолов және өкілдік жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелері Р.Максотов, Ә.Тулешева, Г.Дюсупова Атырау қаласындағы ІІМ КАЖДға қарасты #79 мемлекеттік мекемеге (әйелдер колониясы) арнайы миссиямен барды. Амангелді Абдолов осы колония кітапханасына  57 кітап табыстады.

Бұл өкілдің екінші тартуы. Осыдан 2 ай бұрын ол алғаш рет 40-тан аса кітап сыйлаған болатын.  Олардың негізгі бөлігін әдеби шығармалар құрайды.

Өз кезегінде #79 мекеме басшылары үлкен ризашылығын білдіріп, сотталғандар кітап оқуға ынталары зор екендігін жеткізді.

Шарадан соң Амангелді Абдолов Әділет департаменті басшысының орынбасары Мерует Музатовамен бірге сотталғандардың өтініштері бойынша жекн қабылдады.

Сонымен қатар  өкіл мен Сараптама кеңес мүшелері әйеллер колониясының тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

Мониторинг қорытындысымен қажетті ұсынымдар берілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді