
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері Ақтөбе қаласында орналасқан мемлекеттік балабақша меңгерушілеріне 2027 жылдан бастап балабақшалардың қызметіне лицензия беру бойынша түсіндірме жұмысы жүргізді. Осы кездесу барысында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығы кеңінен талқыланды. Департамент қызметкерлері МДҰ меңгерушілеріне жұмыстың маңыздылығын айта отырып, 2027 жылы басталатын лицензиялау жұмысына дайындықты осы уақыттан бастау керектігін еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe/press/news/details/1193431?lang=kk

Жауап қалдыру