Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында талдарды кесу, иттерге арналған арнайы жаттығу алаңы, Ынтымақ көшесіне жарық бағандарын орнату, жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу, тұрғын үй, заңсыз дүңгіршектер, автобустардың қозғалыс кестесін реттеу, сондай-ақ тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.

 Бақытжан Әмірбекұлы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.

Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.

 Айта кетейік, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында тұрғындарды қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1193430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді