Қытайдың Ухань қаласында QazTrade өкілдігі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ухань – Қытайдағы негізгі көлік-логистикалық тораптардың бірі, «тоғыз провинцияның тоғысқан жері» ретінде белгілі.

Қазіргі таңда QazTrade-тің серіктес кеңселері Хэфэй, Сиань, Чанша, Нанкин, Тяньцзинь, Чэнду және Циндао сияқты бірқатар маңызды қалаларда жұмыс істейді. Уханьдағы өкілдік Қытайдағы QazTrade жұмысының тағы бір тірек нүктесіне айналады деп күтілуде.


«Қазір біз жұмысты бизнес тек келіссөзге келіп кетпей, Қытай нарығында тұрақты жұмыс істей алатындай етіп құрып жатырмыз. Ол үшін Қытай бойынша осындай кеңселер желісі қажет. Біз компанияларды тек сүйемелдеп қоймай, қытайлық серіктестермен тікелей, сол жерде жұмыс істеуге мүмкіндік береміз. Ухань осы тұрғыда маңызды нүкте. Бұл бірнеше өңірдің сұранысы тоғысатын ірі логистикалық хаб»,-деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.

Сондай-ақ Уханьға сапар аясында QazTrade пен Қытайдың GuanYu International Supply Chain компаниясы арасында келісімге қол қойылды. Компания ҚХР нарығында шетелдік өнімдерді логистика және ілгерілету бағытында жұмыс істейді. Құжат Орталық Қытайда қазақстандық өнімдерді ілгерілетуді, B2B кездесулер ұйымдастыруды, келіссөздерді сүйемелдеуді және жеткізілімдерді қолдауды көздейді.  

Іс-шараға QazTrade басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова, Цзянся ауданы халық үкіметі басшысының орынбасары Не Кайтянь, ауданның сыртқы істер басқармасының директоры Фу Цзюнь, коммерция басқармасының басшысы Гэ Цзэнлай, сондай-ақ инвестициялық-технологиялық топтың басқарма төрағасы Хань Вэй және қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты.

QazTrade деректеріне сәйкес, Ухань қаласы орналасқан Хубэй провинциясымен тауар айналымы 2025 жылы 163,6 млн АҚШ долларын құрап, 12,1%-ға өскен.

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1193455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді