Емтихансыз жүргізуші куәлігі? Бұл – алаяқтық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы уақытта интернет-алаяқтар жүргізуші куәлігін “еш қатысусыз” алып беруді ұсынатын жағдайлар жиілеп кетті.
Полиция ескертеді: жүргізуші куәлігін алу процесі толықтай цифрландырылған және тек мемлекеттік қызметтер арқылы жүзеге асырылады.

Жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы оқу курстарынан өтіп, медициналық анықтама алып, мемлекеттік бажды төлеп, теориялық және практикалық емтихан тапсыру қажет.
«Куәлікті сатып алу» туралы ұсыныстардың барлығы заңсыз және алаяқтық болып табылады.

Азаматтарды қырағы болуға және тек ресми қызметтерді пайдалануға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1193533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді