
3 сәуірде Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туған күнінде Көкшетау қаласындағы № 11 мектеп-гимназиясында батырды еске алуға арналған ерлік сабағы өтті.
Патриоттық кездесуге “Жас сақшы” полиция сыныбының және басқа да әскери бағыттағы сыныптардың оқушылары қатысты.
Полицейлер кездесу барысында оқушыларға капитан Байтасовтың өмір жолы, қызметі мен ерлігі туралы айтып берді.
Оның батылдығы, қайсарлығы мен Отанға деген адалдығы өскелең ұрпақ үшін жауапкершілікке, патриотизмге және өз елін қорғауға дайын болуға шабыттандыратын бағдар болып табылады.
3 сәуірде полиция капитаны Ғазиз Байтасов 55 жасқа толар еді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1193584?lang=kk

Жауап қалдыру