
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасындағы пойыз бригадалары мен жабдықтаушылар үшін санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімді орындау мақсатында, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, жабдықтаушылардың теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың улануы мен өршуінің алдын алу мақсатында, 2025 жылғы 08 сәуірде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен «Жолаушылар тасымалы» – «Солтүстік» АҚ Қарағанды аймақтық филиалының жолаушылар вагондарының жолсеріктерінің, пойыз бригадалар нұсқаушыларының арасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, іс-шара аясында қатысушылармен жолаушылар арасында аса қауіпті инфекция анықталған жағдайда, пойыз бригадасы арасында ситуациялық сәттердің тақырыптық талқылауы өтті.
Іс-шара аясында қатысушылармен пікір алмасты, сұрақтарға жауаптар берілді, өзекті тақырыптарға жадынамалар, брошюралар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/973622?lang=kk

Жауап қалдыру