Ағымдағы жылдың наурыз айында мәслихат аппаратында аппарат басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Аюпова Гүлжан Ескенқызы аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдеп мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі қағидаттары – қызметтік мінез-құлық нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Тиімді мемлекеттік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі ретінде азаматтарға парасаттылықты, жауапкершілікті және құрметпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді, сондай-ақ күнделікті қызметте этикалық нормаларды сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mzh/press/news/details/1193743?lang=kk

Жауап қалдыру