
Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараны Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргізіп, жүргізушілерге жол қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге:
- Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау
- Жылдамдық режимін бұзбау
- Қауіпсіздік белдігін тағу
- Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолданбау
көрсеткіштерінің маңыздылығын түсіндіруде.
Іс-шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
🚔 Полиция барлық жүргізушілерді профилактикалық шараларды сақтауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1193880?lang=kk

Жауап қалдыру