Астанада биыл бір миллион жасыл желек отырғызылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл қалада 1 миллион жасыл желек отырғызылатыны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Ауа райының жылынуына байланысты елордада жөндеу-қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс басталды. Әріптестеріммен бірге қаланың барлық ауданын аралап шығамыз. Жаяу аралау барысында жұмыс жоспарына түзетулер енгіземіз. Осы демалыс күндері жол салу және жөндеу жұмысы басталады.

Сол сияқты қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталды. Биыл да қаламызда көгалдандыруға ерекше назар аударамыз.

Шамамен 1 млн жасыл желек (көшеттер, бұталар, ағаштар) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ЛРТ жобасы желісі бойындағы аумақтар да абаттандырылады.

Күн сайын қалада санитарлық тазалау, жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар жүріп жатыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1193901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді