
Алматы қаласында интернет-алаяқтықтың және азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Осы ретте полицияның жас көмекшісі, 11-сынып оқушысы Платон Рыхликовтың белсенді азаматтық ұстанымын ерекше атап өтеміз. Ол тұрақты түрде профилактикалық бейнероликтер әзірлеуге бастамашы болып келеді.
Кезекті бейнеролик дропперлік тақырыбына арналған. Яғни, азаматтарды, оның ішінде жасөспірімдерді, қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған заңсыз схемаларға тарту мәселесі қамтылған. Автор бейнероликте банктік карталар мен жеке деректерді үшінші тұлғаларға берудің ауыр құқықтық салдары болуы мүмкін екенін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіреді.
Алматы қаласының Полиция департаменті Платон Рыхликовқа бастамашылдығы, бейжай қарамайтын азаматтық көзқарасы және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне алданбауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1194091?lang=kk

Жауап қалдыру