Апталық шолу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30.03

Түркістан облысы

Түркістан облысында ұзындығы 143 шақырымнан астам ирригациялық желіні реконструкциялау жобасы басталды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйімен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты.

 

30.03

Астана

Астанада Аралды құтқару халықаралық қорының Басқарма отырысы өтті.

 

31.03

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі мемлекет бөгеттер мен су қоймаларының қауіпсіздігін қалай бақылайтынын түсіндірді.

 

31.03

Ақмола облысы

«Қазсушардың» Ақмола филиалы өңірдегі су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

 

1.04

Астана

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының арқасында су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны бес есе жеделдеді.

 

1.04

СҚО

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

 

2.04

Астана

Министрлік елімізде өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының басты сандарын жариялады.

 

2.04

Астана

Қазақстан студенттері «Суды үнемде – болашақты сақта!» экологиялық сағатына қатысты.

 

3.04

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ирригациялық желілерді реконструкциялау жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондауды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1194107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді