ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛШІЛЕРІ СЫР ӨҢІРІНДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров бастаған Еуроодақ Елшісі Алешка Симкич және оған мүше 17 мемлекеттің Қазақстандағы елшілері Қызылорда қаласына іс-сапармен келді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Еуропалық Одақ мемлекеттерімен ашық әрі сенімді дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Бүгінде Қазақстан – Еуро Одақтың Орта Азиядағы негізгі инвестициялық және сауда-экономикалық серіктесі.
Атап өту қажет, іс-сапардың басты мақсаты- Еуропа мемлекеттерімен өңіріміздің іскерлік қарым-қатынасын арттыру мүмкіндіктерін қарастыру, инвестициялық мүмкіндікпен танысу және өзара ынтымақтастық бағыттарын анықтау.
Бағдарламаға сәйкес қонақтар алғашқы күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде және Қызылорда қаласында орналасқан бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, Сыр өңірінің басты білім ордасында университет ректоры Н.С Байқадамов қонақтарды қабылдап, университет тарихын таныстырды, әрі қарай қонақтар «Елшілер кафесі» форматында студенттермен кездесті. Шара барысында студенттер әр елдің түрлі білім бағдарламалары, шарттары туралы және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Әрі қарай қонақтар 11 мың орындық «Қайсар» футбол стадионының жұмысымен танысты. Футбол алаңында футболшылардың жаттығуын тамашалап пікір алмасу өткізді.
Келесі нысан «Үстел теннисі» орталығында болып, елшілер жаттықтырушы және спортшылармен пікір алмасты.
Одан әрі қонақтар «Облыстық тарихи-өлкетану» музейінде болып, өңірімізді танып білуге, ұлттық құндылықтарымызбен танысуға мүмкіндік алды.
Келесі нысан «Инклюзиялық спорт орталығының» жұмысымен танысып, жаттығу залдарында пара волейбол, пара пауерлифтинг, пара дзюдо және тағы басқа спорт түрлері бойынша жаттығу жұмыстарын тамашалады.
Әрі қарай «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің» жұмысымен танысып, «Ақсауыт» күйін, «Қазақ вальсы» әнін, «Әшекей» және «Иірім айшықтары» биін тамашалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді