Алакөл ауданында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алакөл ауданында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жиын өтті

Алакөл ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық және ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған арнайы жиын өтті. Жиынға аудан әкімі А. Абдинов төрағалық етті.

Іс-шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев, «КазАгроҚаржы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Талғат Мамырбаев, сондай-ақ ауданның тиісті сала басшылары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

Жиын барысында:
– көктемгі егіс науқанына дайындық барысы;
– мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктер;
– минералды тыңайтқыштар және жеңілдетілген жанар-жағар маймен қамтамасыз ету;
– суару маусымына дайындық және каналдарды тазалау;
– зиянкестерге қарсы күрес шаралары;
– мал шаруашылығындағы вакцинация жұмыстары кеңінен қаралды.

Сонымен қатар, фермерлер одағының төрағасын сайлау мәселесі көтеріліп, шаруалар тарапынан ұсыныстар беру қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, көктемгі егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау, тыңайтқыштар мен жанар-жағар майды уақытылы жеткізу, суару жүйелерін толық дайындау, сондай-ақ зиянкестерге қарсы күресті күшейту және малдарды уақытылы вакцинациялау жұмыстарын қамтамасыз ету тапсырылды.

Жиын қорытындысында барлық көтерілген мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1194297?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді