
2026 жылдың 5 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында орналасқан «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК «Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемалары: атмосфераның ластануы, өндірістік шығарындылар мен климаттық факторлардың әсері және қоршаған ортаны қорғау шаралары» тақырыбында «ARGUMENT CUP IV» пікірсайыс турнирі өтті.
Пікірсайыс туринирінің салтанатты ашылуына «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы» ММ мамандары, облыстық пікірсайыс клубының координаторы, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Турнирге колледждердің 20 фракциясынан 40 студент қатысты. Қазылар алқасы студенттердің жоғары дайындық деңгейін, өз ойын еркін жеткізе алу қабілетін және өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымын ерекше атап өтті.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша:
I-орынды С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледж студенті Файзуллаев Ернат және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті техникалық колледж студенті Жамболатқызы Еңлік иеленді.
II-орынды Өскемен жоғары политехникалық колледж студенті Жеңіс Темірлан және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледж студенті Айдана Ықыласқызы алды.
III-орынды С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледж студенттері Әбілмәжінова Ақбота, Төлегенов Еркебұлан иеленді.
Сондай-ақ, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледж студенті Алмасұлы Мерхат, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті техникалық колледж студенті Құсаин Ұлпан белсене қатысқандары үшін, дипломдармен марапатталды.
Аталған пікірсайыс турнирі студенттердің экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға үлкен ықпал етті. Мұндай іс-шаралар болашақта экологиялық жауапкершілігі жоғары саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1194317?lang=kk

Жауап қалдыру