«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауданда ауқымды сенбілік өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мөлдір бұлақ» акциясы шеңберінде жұмыстар ауданның барлық аумағында жүргізіліп, тұрғындар, ұйымдар, оқу орындары мен коммуналдық қызмет өкілдері белсенді қатысты.

Бас Қарасу өзені арнасына тазарту жұмыстары жүргізіліп, 50 түп көшет (каштан, катальпа) отырғызылды. Сонымен қатар «Желтоқсан – 86» саябағы аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Жалпы сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысып, арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыстар ірі қоғамдық кеңістіктермен қатар, ауданның шағын учаскелерін де қамтыды.

Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлік пен ынтымақтың арқасында ауданымызды көркейтіп, таза да жайлы орта қалыптастыру жолындағы игі істеріміз жалғасын таба бермек.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1194384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді