Филармония – өнер шаңырағы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі студенттерінің қатысуымен Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның құрылғанына 80 жыл толуына орай «Филармония – өнер шаңырағы» атты кездесу кешін өткізді.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия мен Жарма ауданының Құрметті азаматы Адай Зейнолдаұлы Азаматов, Ә.Қашаубаев атындағы филармония директорының орынбасары Нұрбек Қуандықұлы Өмірбеков, Қадылбек пен Маржан Омаровтар отбасылық ансамбілі және республикалық конкурстардың лауреаттары, Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның дәстүрлі әншілері Таңат Мұқашев, Айдан Бауыржанұлы қатысты.

Кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде Семей филармониясы 1945 жылы құрылып, кейін облыстық мемлекеттік филармонияға айналғанын атап өтті. Соғыстан кейінгі жылдары Семей филармониясы облыс тұрғындарына көмектесіп, шабыттандырып демеу болғанын, бүгінде бұл мәдениет ошағы қаламыздың мәдени өмірінің дамуына өз үлесін қосып отырғанын, сонымен қатар, филармония белгілі әнші Әміре Қашаубаевтың есімін 1969 жылы алып, тәуелсіздік алғаннан кейін филармонияның екінші тынысы ашылып, өнер адамдарының шығармашылығына зор әсер еткенін айтты.

Іс-шара жалғасында Адай Азаматов: ең көне концерттік ұйымның тарихы туралы, сондай-ақ  филармонияны құрудың бастауында тұрған халық әртісі Мәдениет Ешекеев, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Болат Сыбанов, сондай-ақ Дауыл Хайруллин, Әнуарбек Иманғожин, мәдениет қайраткерлері Келденбай Өлмесеков, Роза Байдалина, Ғабит Көпбаев, Рымғали Мамырханов, Тұрсынғазы Рахимов сияқты аттары аңызға айналған тұлғалардың қызмет еткенін айтып берді.

Кездесу кеші Қадылбек, Маржан Омаровтар мен Таңат Мұқашев және Айдан Бауыржанұлының орындауындағы әндерге ұласты.

Қатысушылар шара соңында слайд-тұсаукесер мен бейнеролик тамашалап, кітап көрмесіне қойылған филармония және қаламыздың мәдени орындары туралы әдебиеттермен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/973829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді