
Нысандарды аралау барысында кәсіпорындардың жұмыс процесі талқыланып, туындаған мәселелер пысықталды.
Облыста «МЕДСТРОЙ-ШАНЫРАҚ» ЖШС бұрын болмаған жаңа протез өндірісі клиникасы «НЕЙРОМЕД» медицина орталығының базасында ашылмақ. Енді өңір тұрғындары қажетті протез өнімдерін басқа қалаларға бармай-ақ, өздеріне жақын жерден ала алады.
Бұл жоба – өңірдегі медициналық қызметті кеңейтуге бағытталған маңызды бастама. Клиника 12 адамға тұрақты жұмыс орны ұсынады, жобаның жалпы құны 500 млн. теңгеден асады, ал құрал-жабдықтар Ресей мен Қытайдан жеткізілуде.
Жоба өңір тұрғындарына сапалы қызмет пен жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Әлеуметтік маңызды бастама ретінде әр адамға қажетті көмек пен қамқорлық көрсетеді. Медицина орталығы жақын арада өз жұмысын бастайды.
Сондай-ақ, Қызылордада «Kyzylorda Refinery» ЖШС мұнай өңдеп, ішкі нарыққа және экспортқа мазут шығаратын зауыт жұмыс істейді.
Зауыттың негізгі мақсаты – импортты алмастыру және ішкі нарықты дизель еріткіштермен қамтамасыз ету. Серіктестік қызметін кеңейтіп, бірнеше өнім түрін шығаруды жоспарлауда.
Олар – навтат (ауыр және жеңіл), растворитель, керосин және түрлі отын түрлері.
Бұл өнімдер өңірде энергетикалық қажеттілікті қанағаттандырып, сапалы отынмен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, серіктестік К4, К5 экологиялық класты мотор отындарын өндіруді жүзеге асыру үшін мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасын жоспарлауда. Жобаның жалпы құны – 17,6 млрд теңге. Жобаның іске асуы өңірде экологиялық таза отын өндірісін дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және жергілікті экономикаға қосымша қолдау көрсетуге бағытталған.
Одан кейін, Түркиялық Ardent Plastik – тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндіріс орнымен танысты. Жобаның жалпы құны – 7,5 млрд теңге.
Бұл бастама өңірде тиімді су пайдалану мен ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруға бағытталған маңызды инвестициялық жоба болып табылады.
Түркиядан арнайы құрал-жабдықтар жеткізіліп, кедендік рәсімдеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта қондырғылар монтаждау жұмыстары жүргізіліп, ауыл шаруашылық мекемелерімен келіссөздер жүргізілуде.
Жоба тиімді суару жүйесін енгізіп, өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194451?lang=kk

Жауап қалдыру