
«Денсаулық және адам құқықтары апталығы» ТМД арасындағы акция аясында Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының поликлиникасында медицина саласында құқықтық көмек мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.
Іс-шара барысында оннан астам азамат қабылданды, оларға науқастардың құқықтарын қорғау, медициналық көмек алу тәртібі мәселелері бойынша кеңестер беріліп, денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қорғау мәселелері бойынша білікті көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1194521?lang=kk

Жауап қалдыру