ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Maqsut Narikbayev University-де өткен International Legathon MaxUP 2026 екінші халықаралық заң саласындағы кейс-чемпионатында сөз сөйледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13 мемлекеттен 90-нан астам студент қатысқан шара Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды. «Болашақ құқығы» тақырыбындағы байқау Әзербайжан, Германия, Грузия, Канада, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Үндістан және Шри-Ланка жоғары оқу орындарының 23 командасын біріктірді. Жарыс барысында студенттер жаңа технологиялардың заң жүйесіне, құқық қағидаттарына, этика мен адам құқықтарына әсерін зерттеді.
Әділет вице-министрі Даниель Ваисов байқауда қозғалған тақырыптар ойдан шығарылған емес, бұл алдағы 10 жылда нақты болатын тақырыптар екенін, сондықтан, бәрін түсіну және қатысушылардың идеяларын тыңдау маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол өзі үшін қолдануға болатын көптеген идеялар алғанын және байқау форматы заңгерлер үшін өте пайдалы және осындай іс-шараларды жыл сайын, бұдан да көп командалардың қатысуымен өткізу қажетігіне тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік сала, салық салу және жаңа технологиялар кезіндегі сот ісін жүргізу тақырыптарын көтеруге болатынын атап өтті.
«Біз MNU-да болашағымыз жаңашылдықды жасаудан, сұрақ қоюдан және көшбасшы болудан қорықпайтындарға тиесілі екеніне сенімдіміз. Екі күн бойы International Legathon MaxUP сайысында қатысушылар құқықтың болашағы бүгіннен бастап олардың идеялары, шешімдері және стандартты емес ойлауға дайындығы арқылы қалыптасатынын көрсетті. Біз құқық пен технология бірге дамитын дәуірде өмір сүрудеміз. Бұл жаңа шынайылықта тек қана құқықты білу жеткіліксіз, оны қайта түсінуге дайын болу қажет», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.
Сайыс қорытындысы бойынша орыс лигасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Қазақстан), Maqsut Narikbayev University (Қазақстан) және В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің (Ресей) командалары көш бастады, ал ағылшын лигасында үздік нәтижелерді Малайя университетінің (Малайзия), Румын-американ университетінің (Румыния) және Макгилл университетінің (Канада) студенттері көрсетті. Конкурстың жеңімпазы Малайзияның тұңғыш және ең беделді жоғары оқу орны – Малайя университетінің командасы атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1194610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді