Бюджет жұмыстарын қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша бастапқы құжаттарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айының 17 жұлдызында «Батысқазжерқойнауы» ӨД комиссиясы «Атыраугидрогеология» ЖШС-нің 1 тоқсанда келесі объект бойынша «L-39-X парағының 1:200 000 масштабтағы инженерлік-геологиялық зерттеулермен бірлескен гидрогеологиялық қосымша зерттеу (Атырау облысы, 5637 шаршы км)» орындалған жұмыстардың бастапқы құжаттарын қабылдады.

Есепті кезеңде далалық жұмыстар 1:200 000 масштабтағы инженерлік-геологиялық зерттеулермен бірлескен гидрогеологиялық қосымша зерттеу (гидрогеологиялық маршруттар, инженерлік-геологиялық маршруттар, техногендік әсер нәтижесіндегі геологиялық ортаның өзгерістерін зерделеу) және топографиялық-геодезиялық жұмыстар, режимдік бақылаулар (су деңгейі мен температурасын бірлесіп өлшеу, дайындық, айдауды тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізу, деңгейді қалпына келтіру) және зертханалық жұмыстар (ішкі бақылауды ескере отырып судың толық химиялық талдауы, грунттардың түйіршіктік құрамы, грунттардың тығыздығы, сулы сығынды) жүргізілген.

Атқарылған жұмыстар далалық құжаттармен расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1194769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді