
Мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру мақсатында Департаменттің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі қалалық №8 емхананың дәрігерлерімен бірлескен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
– бөлімнің негізгі жұмыс көрсеткіштері;
– нормативтік құқықтық актілердің талаптары;
– медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) құжаттарды дайындау және жолдау тәртібі.
Мүгедектікті белгілеу мәселелерін реттейтін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің №260, №131, №230 және №283 бұйрықтарына ерекше назар аударылып, түсіндірме берілді.
Сонымен қатар 031/у нысанын толтыру кезінде жіберілетін типтік қателер талданып, оларды болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.
Кеңес қорытындысы:
– мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шараларын айқындау ұсынылды;
– медициналық ұйымдар мен МӘС арасындағы өзара іс-қимыл күшейту;
– емдеу мекемелерінде мамандарды ақпараттандыру деңгейін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1194882?lang=kk

Жауап қалдыру