Балаларды МӘС-ке (медициналық-әлеуметтік сараптамаға) жолдау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 наурызда №36 қалалық емханада 2025 жылғы МӘС қызметінің қорытындысы бойынша жұмыс кеңесі өткізілді (2024 жылмен салыстырмалы түрде).

📊 2025 жылы аталған емханадан МӘС-ке 11 бала жолданған.

Нәтижесі:
▪️ 2 жолдау – сапасыз
▪️ 9 жолдау – негізсіз

Сапасыз жолдаулар:
• 1 бала ЖОБ (жеке оңалту бағдарламасын) әзірлеуге жолданған, бірақ бағдарлама бұрын жасалған.
• 1 бала мерзімінен бұрын жолданған (мүгедектік мерзімі 2027 жылға дейін).

Негізсіз жолдаулар:
• көз аурулары бойынша толық тексеру жүргізілмеген;
• созылмалы бүйрек аурулары кезінде зертханалық көрсеткіштер қалыпты болған;
• жүрек ақауы бойынша операциядан кейін өмір сүру қызметінде шектеулер анықталмаған;
• нефрэктомиядан кейін жағдайы тұрақты болған.

Сонымен қатар:
🔹 3 бала жағдайы нашарламағанына қарамастан қайтадан жолданған.
🔹 1 бала ЖОБ түзетуге жіберілген, бірақ қандай өзгеріс қажет екені көрсетілмеген.

📌 Маңызды:
МӘС-ке жолдау медициналық көрсеткіштермен толық негізделіп, қажетті тексерулермен расталуы тиіс.

Бұл баланың денсаулық жағдайын дұрыс бағалауға және қажет болған жағдайда тиімді оңалту шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1194879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді