
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жанама ауылында кең көлемді сенбілік өткізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар және мекеме қызметкерлері белсене қатысып, елді мекен аумағын қоқыстан тазартты.
Тазалық жұмыстары барысында көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, аумақ абаттандырылды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шара ауылдың көркеюіне өз үлесін қосып, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1194941?lang=kk

Жауап қалдыру