Әзіл күніне орай Елтайда көңілді «Жайдарман» кеші ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 6 сәуір күні Елтай ауылдық округінде 1 сәуір – Әзіл күніне орай мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Жайдарман» ойын-сауық кеші өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды. Кеш барысында сахнада 3 команда өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге әзіл-қалжыңға толы қызықты бағдарламалар ұсынды. Сонымен қатар, Алинұр мен Омар «16 қыз» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік шарада домбыра сазы ансамблі ұлттық музыканы дәріптеп, ал «Томирис» би тобы өздерінің әсем биімен кештің көркін қыздырды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1194979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді