АУЫЛ ЖАСТАРЫ АУЫЛДЫҢ КӨРКЕЙУІНЕ АТСАЛЫСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қоғам ауыл округіне қарасты Қоғам ауылында игі бастама жүзеге асып, ауыл келбетін көркейтуге мақсатында 1га жерге көшеттер егіп берді. Аталған жоба 1988 жылғы мектеп түлектерінің демеушілігімен жүзеге асырылып, 1 гектар аумақты қамтыды.
Жалпы 50 түп тұя және 500 түп қара ағаш көшеттері отырғызылды. Бүгінгі таңда олардың басым бөлігі көгеріп, тамыр алып, өсіп-өну үстінде. Атап айтқанда, 25 түп тұя мен 500 түп қара ағаш жайқалып өсіп келеді.
Жобаның ерекшелігі – заманауи суландыру жүйесінің орнатылуында. Жер асты құдығы арқылы қамтамасыз етіліп, тамшылатып суару әдісімен тұрақты түрде суғарылуда. Бұл көшеттердің сапалы өсіп-жетілуіне үлкен мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы барып, демеушілермен егілген көшеттердің жағдайымен танысты. Танысу барысында бұл игі бастаманың ауыл үшін маңыздылығын атап өтіп, демеушілерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, демеушілер есебінен қоршалып егілген көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды Қоғам ауылының әкімі Шохан Жамалханұлына тапсырды.
Ауылдың ажарын ашып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған мұндай игі істер – туған жерге деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1195017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді