
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының жеке қабылдауына келген Талапты ауылының тұрғындары ауылға баратын Ш-9 каналын тазалау мәселесін көтерген болатын. Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмай, аудан басшысы тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеген еді.
Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында аудан әкімі бүгін арнайы барып, Ш-9 каналында атқарылған жұмыстармен танысты. Нәтижесінде каналдың 11 шақырымы толық тазаланып, қазіргі таңда ағын су ауылға кедергісіз жетіп отыр. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындар үшін аса маңызды.
Жұмыс барысымен танысу кезінде аудан әкімі жауапты мамандарға каналдың тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы күз мезгілінде канал бойында қайтадан тазалау жұмыстарын жүргізуді нақты тапсырды.
Аталған жұмыстар – тұрғындардың өтінішіне дер кезінде назар аударып, нақты нәтиже шығарудың айқын көрінісі. Алдағы уақытта да инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1195015?lang=kk

Жауап қалдыру