
Астана, 2026 жылғы 6 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иордания Королі сарайындағы саяси департаменттің директоры Моаз Аз-Зубимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар көпжақты әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін, соның ішінде жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.
Ә.Бақаев Қазақстан өкілдерінің «Акаба процесі» жұмысына (2025 жылғы 14–15 қазан, Рим) қатысу мүмкіндігі үшін иордан тарапына ерекше ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде М.Аз-Зуби қазақстандық тарапқа қонақжайлылық үшін алғыс айтып, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195037?lang=kk

Жауап қалдыру