
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Ибадуллаев Асылан Сейлбекұлы Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келіп, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Қазығұрт аудандық филиалының директоры қызметіне Раманқұл Дәурен Сәкенұлын тағайындап, ұжымға ресми түрде таныстырды.
Іссапар барысында Асылан Сейлбекұлы жаңадан тағайындалған филиал директоры Дәурен Сәкенұлымен бірге аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың жеке қабылдауында болды. Кездесу барысында аудан аумағында кәсіпкерлік саласын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық жобаларды ілгерілету және кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Дәурен Сәкенұлы алдағы уақытта аудандық кәсіпкерлік бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыруға дайын екенін жеткізді.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы жаңа басшыға сенім білдіріп, аудан әкімдігі тарапынан заң талаптарына сәйкес барлық қажетті қолдаулар көрсетілетінін атап өтті және жаңа қызметіне табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1195105?lang=kk

Жауап қалдыру