Конституциялық Сот Бас Прокурордың жеке қабылдауына жазылудың тәртібін түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

Өтініш беруші бұрын жауап алған және прокуратураның лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізілген мәселе бойынша жеке қабылдауды талап етті. Бірінші сатыдағы сот қабылдауға қайта жазылу қолданыстағы Жеке қабылдау қағидаларымен реттелетінін растады.

Сот шешімімен және апелляциялық әрі кассациялық сатылардағы қарау нәтижелерімен келіспеген өтініш беруші Конституциялық Сотқа жүгінді.

Конституциялық Сот мынаны атап өтті:
Қағидалардың нормасы өтініш жасау құқығын шектемейді, тек барлық азаматтар үшін жеке қабылдаудың бірыңғай тәртібін белгілейді. Өтініштің негізгі уәжі рәсіммен келіспеуге негізделген, ал өтініш беруші сот арқылы қорғау тетіктерін толық пайдаланған – оның жағдайы бірінші сатыдағы сотта қаралып, шешім апелляциялық және кассациялық сатыларда өзгеріссіз қалдырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1195265?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді