Болашақ мамандыққа алғашқы қадам – жасыл энергиямен танысу !

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№34 Ә.Бердаулетов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Болашақ мамандық таңдаудағы алғашқы қадам: жасыл энергия әлемімен танысу» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар Жалағаш кентінде орналасқан Күн сәулесі электр станциясының жұмысымен танысып, жаңартылатын энергия көздерінің маңызы туралы мол мағлұмат алды. Мамандар станцияның жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп, күн энергиясының экологияға тиімділігі мен болашақтағы рөлі жайында кеңінен айтып берді.
Бұл шара оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашаққа деген көзқарасын кеңейтуге өз септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-shamenov/press/news/details/1195309?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді