3 сәуірде А.К. Омарбековтның төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының уақытша жұмыс комиссиясы мен «AMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының және Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

3 сәуірде А.К. Омарбековтның төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының уақытша жұмыс комиссиясы мен «AMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының және Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті. Отырысқа Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Саттыбаев А. Е., Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және газдандыру бөлімі басшысының орынбасары Ермеков Ұ. М., Долинка кентінің әкімі Тусупов А. С., Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың, Шахтинск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің, мердігер ұйымдардың өкілдері және басқа да тұлғалар қатысты.

Отырыс аясында келесі мәселелер қаралды:

1) Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі «Қарағанды облысын газдандыру жөніндегі өңірлік жобаны Шахтинск қаласында кезең-кезеңімен іске асыру барысы туралы» мәселені дайындау;

2) Шахтинск қаласы, Ленинградская көшесі, 18 мекенжайы бойынша жаңбыр суын ағызу арығына қатысты тұрғынның өтініші бойынша көшпелі тексеру жүргізу;

3) 2026 жылғы 30 наурыздағы азамат А.М.Шаймердиновтың «е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы келіп түскен № ЖТ-2026-01300647 өтінішін қарау. Өтініште жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлер маңында «Вишенка» дүкені мен «Ветерок» дүңгіршегінің жылыту мұржаларынан түтін шығуы байқалып, түтін пәтерлерге кіретіні, сондай-ақ жанында орталық жылу жүйесінің желісі бола тұра, оған қосылу жүзеге асырылмағаны көрсетілген. Осыған байланысты өтініш иесі тиісті шаралар қабылдауды сұрайды.

Бірінші мәселені қарау барысында: Шахтинск қаласын газдандыру жұмыстары 2023 жылы басталғаны атап өтілді. Жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) сәйкес, құрылыс 3 іске қосу кешені аясында жүзеге асырылуда. Жалпы ұзындығы 233,276 км газ тарату желілерін салып, 2 480 үйді газбен қамту жоспарланған. 2026 жылы ұзындығы 8662 м болатын орта және төмен қысымды 2-іске қосу кешенін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жеке сектор иелері мен көпқабатты тұрғын үйлер (КТҮ) тұрғындарын газбен жабдықтауға қосу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Қазақстанда жеке және көпқабатты тұрғын үйлерді газдандыру – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын маңызды техникалық үдеріс. Газдандыру үдерісі қатаң реттеледі, бірнеше кезеңнен тұрады және жобалау ұйымдарымен, газ қызметтерімен және монтаждау компанияларымен өзара іс-қимылды талап етеді.

Отырыс аяқталғаннан кейін депутаттар мен комиссия мүшелері Шахтинск қаласы тұрғындарының өтініші бойынша көшпелі тексеру жүргізді. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар мен комиссия мүшелері қалалық мәслихаттың уақытша жұмыс комиссиясының отырысын қайта өткізу туралы шешім қабылдады. Уәкілетті орган мен мердігер ұйымдарға абаттандыру саласында анықталған кемшіліктерді жою ұсынылды. Комиссияның жұмысы жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1195378?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді